- admin
- 18.02.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
«Тиімді коммуникация»
2026 жылғы 18 ақпанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының ұйымдастыруымен «Тиімді коммуникация» тақырыбында отырыс өтті.
Іс-шараға «Біз біргеміз» психологиялық еріктілер белсенді қатысушылары –10 студент қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, эмоциялық саулығын нығайту және өзін-өзі реттеу қабілетін арттыру болды.
Жиын барысында волонтерлер арасындағы сенімділік атмосферасын қалыптастыруға және жағымды психологиялық көңіл-күй орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай бағыттағы жұмыстар еріктілердің ішкі кернеуін азайтуға және олардың әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынас жасауына септігін тигізеді.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н.
#адал_азамат



