Шығармашылық арқылы вандализмнің алдын алу

2026 жылғы 02 ақпан мен 05 ақпан аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде вандализмнің алдын алуға бағытталған плакаттар, граффити және иллюстрациялар байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты — білім алушылардың қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, азаматтық ұстанымын дамыту, сондай-ақ жастардың қоғамдық орындардағы вандализм мәселесіне назарын аудару болды.

Байқау барысында қатысушылар вандализм әрекеттерінің жағымсыз салдарын көрсетіп, қоршаған ортаға, ғимараттарға, ескерткіштер мен инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қараудың маңыздылығын айқындайтын шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар мазмұнының өзектілігімен, көркемдік бейнелерінің айқындылығымен және идеялық ерекшелігімен көзге түсті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды

анықтады:
I орын: 2М-14, 2ТЗ-30, 2СТ-8, 3Б-4, 3ТЗ-29, 3ЭС-23, 4ХП-23, 4ПО-3;
II орын: 1ТЗ-31, 1ХП-27, 2ХП-25, 2Б-7, 3ХП-24, 3СТ-7, 4А-1;
III орын: 1Б-8, 1Б-9, 1СИБ-1, 1СИБ-2, 1М-15, 1М-16, 1СТ-9, 2ХИ-26.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, ал байқауға қатысушылар белсенді қатысқаны және шығармашылық көзқарасы үшін алғыс хаттармен атап өтілді.

Аталған байқауды өткізу білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құқықтық санасын арттыруға және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді құралына айналды.

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries