КПВК базасында өткен кәсіби бағдар беру іс-шарасы

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында қала мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған «Кәсіби сынамалар» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазіргі заманғы жұмысшы және техникалық мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал ету және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шараға келесі жалпы білім беретін оқу орындарынан 142 оқушы қатысты:
№15 мектеп – 17 оқушы;
№32 мектеп – 9 оқушы;
Наушабаев атындағы гимназия – 16 оқушы;
№9 мектеп – 19 оқушы;
№115 мектеп – 36 оқушы;
Мемлекеттік тілдегі Заречный мектебі – 22 оқушы;
А. Байтұрсынов атындағы Заречный орта мектебі – 23 оқушы.

Кәсіби сынамалар аясында қатысушылар келесі мамандықтар бойынша дайындық бағыттары мен оқыту ерекшеліктерімен танысты:
• нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс;
• машина жасау технологиясы;
• элеваторлық, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі;
• технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару;
• бағдарламалық қамтамасыз ету;
• электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
• есеп және аудит;
• стандарттау, метрология және сертификаттау.

Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері демонстрациялық және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырып, мамандардың кәсіби міндеттері, оқуға түсу шарттары және еңбек қызметінің болашағы туралы ақпарат берді. Оқушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, таңдалған бағыттар туралы жалпы түсінік қалыптастырды.

Осындай іс-шараларды өткізу кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың алдағы білім алу бағытын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.

   Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries