- admin
- 08.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
«Таза сессия» акциясы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалог студенттермен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, емтихан кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, жастардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік қағидаттарын сіңіру.
Жиын барысында колледждің заң кеңесшісі Р.Мусаинова заңсыз сыйақы беруге және алуға жол беруге болмайтындығына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тоқталды. Іс-шара білім беру жүйесіне және жалпы қоғамға деген сенімге нұқсан келтіретін әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықтан саналы түрде бас тартуға ықпал етеді.



