- admin
- 13.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 8–13 желтоқсан аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1–2 курс студенттеріне арналған «Көшбасшы болу: агрессор емес» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерде конструктивті көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру, агрессивті мінез-құлықтың алдын алу және қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Тренинг барысында көшбасшылық пен агрессияның айырмашылығы талқыланып, эмоцияларды басқару, тиімді қарым-қатынас орнату және жанжалды бейбіт жолмен шешу дағдылары қалыптастырылды. Топтық жұмыс пен практикалық жаттығулар студенттердің өзіне деген сенімділігін арттырып, жауапкершілік пен командалық жұмыс қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Тренинг студенттік ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және агрессивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н
#адал_азамат








