Педагогтарға арналған лекторий

«Буллинг – студенттік ұжымдағы зорлық-зомбылықтың бір түрі»

2025 жылғы 5 желтоқсанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде педагогтарға арналған «Буллинг – студенттік ұжымдағы зорлық-зомбылықтың бір түрі» тақырыбында лекторий өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтардың буллинг мәселесі жөніндегі білімін арттыру, оның түрлері мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ білім беру ортасында қауіпсіз және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Лекторий барысында буллингтің негізгі белгілері, пайда болу себептері және алдын алу жолдары қарастырылды. Педагогтарға буллинг жағдайларын ерте анықтау және оған дұрыс әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

179 queries