«Бірлік – алынбас қамал» тақырыбындағы TEDx форматындағы кездесу
- admin
- 29.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 29 желтоқсанда КПВК-де «Бірлік – алынбас қамал» тақырыбында TEDx форматында кездесу өтті. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының өкілі қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында бірлік, өзара түсіністік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамалар туралы айтып өтті.
Жастар ресурстық орталығының өкілі жастарға арналған өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері, волонтёрлік қызмет және қолдау бағдарламалары жөнінде ақпарат берді. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу жылы әрі ынталандырушы атмосферада өтіп, студенттер үшін пайдалы диалог алаңына айналды.



