- admin
- 04.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 4 желтоқсанда 1СИБ-1,1Б-8 топтаррында «Аймақтың экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» атты ашық кураторлық сағат өтті. Оның басты мақсаты – студенттерге экологиялық мәселелердің өзектілігін түсіндіру, оларды шешу жолдарын қарастыру және қоғамда экологиялық сананы қалыптастыру болды.
Біздің аймақта ең өзекті проблемалардың бірі – ауа мен судың ластануы. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен автокөліктердің шығарындылары қоршаған ортаны ластап, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қоқыс тастау мәселесі де өткір тұр: қоқыс өңделмей табиғатқа зиян келтіруде. Іс-шара барысында студенттер таза технологияларды қолдану, қоқысты сұрыптап қайта өңдеу және ағаш отырғызу сияқты экологиялық іс-шаралардың тиімділігін талқылады. Әрбір адамның табиғатты қорғаудағы рөлі ерекше екенін атап өтті, себебі тек бірлесе әрекет еткенде ғана қоршаған ортаны сақтап, келесі ұрпаққа таза табиғатты қалдыруға болады.
Ақпаратты дайындған: Бекмагамбетова А.К.,Бейсенова Х.Б.



