- admin
- 25.11.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың қараша айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ресми түрде ЮНЕСКО клубтарына үміткер мәртебесін алды. Бұл маңызды жетістік – колледж ұжымының мақсатты жұмысының нәтижесі және оқу орнының білім беру, мәдени және қоғамдық қызметінің жоғары деңгейін дәлелдейді. ЮНЕСКО клубының үміткер мәртебесін беру туралы шешім Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық Федерациясы Басқармасының кеңейтілген отырысында қабылданды, бұл колледжге ұлттық деңгейдегі сенім мен мойындауды білдіреді.
ЮНЕСКО халықаралық қозғалысына қосылу колледжге ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін, тәжірибе алмасу мүмкіндігін және жаһандық бастамаларды іске асыруға жол ашады. Бұл – мәдениетті, гуманистік құндылықтарды және сапалы білім беруді дамытуға ұмтылған үлкен халықаралық қауымдастықпен колледжімізді біріктіретін қадам. Үміткер мәртебесі – жай ғана құрметті атақ емес, ол ағартушылық, мәдени және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуды көздейтін үлкен жауапкершілік.
Біз колледждің ЮНЕСКО қозғалысы аясындағы қызметі мазмұнды, өнімді және шабытты болады деп сенеміз. Іске асырылатын жобалар шығармашылық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналып, басқа клубтармен әріптестік берік әрі тиімді болмақ.
Директордың ОЖ жөніндег орынбасары Щербакова И.А.



