Техникалық реттеу саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру.

Қостанай политехникалық колледжі басшылығы А.І. Дощанова атынан сапа менеджменті жүйесін енгізгеннен кейін, оқытушыларды оқытуға көңіл бөлуде. Сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001 талаптарына сай сапалы білім беру қызметтерінкөрсетуге ықпал етеді және еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар шығаруға негіз болып табылады. Арнайы пәндер оқытушылары және СМЖ ішкі аудиторлары, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Техникалық реттеу және метрология комитетінің бастамасымен ұйымдастырылған техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелерінде, сәйкестікті бағалау және аккредитация саласындағы жаңа бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтті.  Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму бойынша министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «ҚазИнСТ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Бас директорының орынбасары К.Н. Еликбаев өз баяндамасында тыңдаушыларды, Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің негіздерімен, ерекшеліктерімен және басым бағыттарымен таныстырды. Баяндаушы өз презентацияларында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссия және НТҚ ортақ мемлекеттік қоры сайттарын көрсетуге көңіл бөлген. «Аккредиттациялау және сертификаттауға дайындау қызметі» оқу орталығының жетекшісі Е.С. Естаев, Қазақстан Республикасындағы аккредиттациялаудың жағдайы мен дамуымен таныстырып өтті.  Семинар барысында ұйымдарда ішкі аудиттар өткізу сұрақтары қарастырылды. Бас маман, менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор Г.К. Каримова, семинар қатысушыларына ИСО 9001:2016 стандартының жаңа нұсқасының өзгергенін таныстырды, үрдістік көзқарас қағидаларына, қызмет нәтижелері бағасына баса назар аудартты.

Осындай біліктілікті арттыру курстарын өтуге қатысу, ұлттық және халықаралық стандарттар бойынша ақпарат алу, оқытушылардың колледжде енгізілген сапа менеджменті жүйесі сұрақтары бойынша білімдерін бекіту және біліктілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.  Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпаратты, СМЖ бөлімі жетекшісі  А.Сегизбаева дайындады

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries