«Кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін енгізу» семинарына қатысу туралы ЕСЕБІ

Сапа саласындағы Саясатқа сәйкес колледж басшылығы А.И.Дощанова сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы қабылданған шешімі негізінде білім беру қызметінің және үрдістерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін арттыру үшін колледж басшылығы қызметкерлерге өз жұмысының сапасын ИСО 9001 талаптарына сәйкес үнемі жақсартуға жағдай жасайды. Сондай жағдайлардың бірі біліктілік арттыру, семинарларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, кәсіпорындарындағы тәлімдемелерге қатысу.

Колледж оқытушылары 4.04.2017 жылы «Кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін енгізу» атты тақырыбында өңірлік семинарына қатысты, дәріс беруші  PhD профессоры халықаралық сарапшы-кеңес беруші, «Weidinger &Partner» АҚ директоры Зигфрид Петер Ладнорг. Семинар Республиканың инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «КазИнСТ» РМК «Сарыарка Автопром» ЖШС алаңында ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуы 10:00. Құттықтау сөздерін семинар тыңдаушыларына “Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы” ММ басшысының орынбасары Раиса Владимировна Хворик және «КАзИнСТ» РМК ҚФ директоры Болат Махтаевич Шарипов жолдады.

10:00-18:00 Дәрістер. Профессор Зигфрид Петер Ладнорг ISO/TS 16949 «Сапа менеджменті жүйесі. Автомобильдер және олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі үшін ISO 9001 қолдану бойынша жеке талаптары» стандарттарын енгізу мысалында кәсіпорында сапаны басқару және менеджменті жүйесінің ережелерімен таныстырды.

Сапаны болашақ жоспарлау мәселелері және басқару жоспары, процестер мониторингі мен жақсарту мәселелері қаралды. Сапаны басқару бойынша бойынша дәрістерінде профессор тыңдаушылардың назарын соңғы мақсатқа бағыттады – бұл тұтынушының (клиенттің) қанағаттануы. Ұйым басшысы басқару жүйесін әр қызметкер ұйым мақсаттарын түсіне алатындай және өз қызметін соңғы нәтижеге сәйкестендіре алатындай етіп құру керек. Профессор өз дәрісінде сапа міндеттерімен, сапаны тексеру тәсілдерімен егжей-тегжей таныстырып, серіктестік қарым-қатынастарын дамыту қажеттілігіне назар аударды. Түрлі өндірістерде әрекеттегі менеджмент жүйесінің халықаралық тәжірибесін келтірді.

Баяндаушы SO 31000 және ISO/TР «Тәуекелдер менеджменті» стандарты бойынша оқытуды жүргізді, нақты айтқанда тәуекелдерді басқару процестерімен және құрылымымен, тәуекелдер мониторингі және бақылау. Өз қызметкерлерінің күш-жігерін бағалай отырып, оларды табысқа ынталандыра және олардың біліктілігін арттыра отырып, басқа ұйымдармен (компаниялармен) салыстырмалы талдау жүргізе отырып, барлық қызметкерлерді жұмыс барысына қосумен, бірлесе мәселелерді шеше отырып, тәуекелдерді басқаруға және сәйкессіздік пайызын төмендетуге немесе құтылуға, сонымен қызмет (өнім) сапасын қамтамасыз етуге болады.

Колледж оқытушылары семинарға қатыа отырып, кәсіпорындағы менеджменті жүйесі, сапаны басқару бойынша толық ақпарат алды. Өз қызметімізде алған білімдерді қолдана аламыз, оның нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарта аламыз, бұл өз кезегінде, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті сұранысқа ие  мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді.

Семинардың соңында профессор Зигфрид Петер Ладнорг Брагинец А.П., Ибраева С.Ж., Нужин В.А., Сегизбаева А.С., Черкасов Ю.Б. секілді оқытушыларына сертификаттар табыстады.

Ақпаратты СМЖ бөлімінің жетекшісі А.Сегизбаева дайындады

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries