Мектептен кейін қайда оқуға баруға болады

Бүгінгі таңда мектеп түлектерінің алдында өмірдегі ең маңызды таңдаулардың бірі – алдағы оқу бағытын және болашақ мамандығын таңдау мәселесі тұр. Бұл шешім олардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына елеулі әсер етеді, сондықтан ересектердің міндеті – оқушыларға бағыт-бағдар беріп, саналы таңдау жасауына көмектесу.

2026 жылғы 29 қаңтарда Қостанай қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларына арналған «Қайда оқуға баруға және қандай мамандықты таңдауға болады?» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараны Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Фатхудинов Ринат Рифович жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар сұранысқа ие және болашағы зор мамандықтармен танысты. Олардың қатарында: стандарттау жөніндегі техник, техник-технолог, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі, ақпараттық қауіпсіздік маманы, техник-электрик, электромеханик, өндірісті автоматтандыру маманы, бухгалтер және техник-механик бар.

Оқушыларға оқу мерзімі мен шарттары, сондай-ақ оқу үдерісінің қай жерде және қандай форматта өтетіні туралы толық ақпарат ұсынылды. Көрнекілік мақсатында бейнеролик көрсетіліп, қабылдау ережелері мен шарттары жазылған ақпараттық буклеттер таратылды.

Жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді.

Ақпаратты АӘжТД ұйымдастырушы педагог

Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

144 queries