Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері облыстық «ТОП-10» байқауының қорытындысы бойынша үздіктер қатарына енді

2025 жылдың қазан айында «Студенттік бастамаларды қолдау орталығының қызметін қамтамасыз ету» жобасы аясында Қостанай облысының колледждері арасында «ТОП-10 үздік студент» облыстық байқауы бастау алған болатын.

Байқаудың мақсаты — дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық, ғылыми және көшбасшылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ өңірдегі студенттік белсенділікті арттыру.

Байқауға облыстың әртүрлі білім беру ұйымдарынан ондаған студент қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша түрлі бағыттарда жоғары нәтижелер көрсеткен, бастамашыл және белсенді студенттер жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 9 желтоқсанда өтіп, оқу, ғылым, шығармашылық, спорт және қоғамдық қызмет бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.

Қостанай политехникалық жоғары колледжі өз студенттерінің жарқын нәтижелерін мақтанышпен хабарлайды:

 Кусеубаева Карина — «ТОП-10» облыстық байқауының «Ғылыми серпіліс» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл оның еңбексүйгіштігін, ғылыми ізденісін және жоғары нәтижелерге ұмтылысын айқын көрсететін маңызды жетістік. Бұл марапат біздің колледж студенттерінің жоғары дайындық деңгейінің және кәсіби биіктерді бағындыру қабілетінің дәлелі.

Сонымен қатар, Турпал-Эли Олусмаев және Кусеубаева Карина Қостанай облысының колледж студенттері арасындағы облыстық дебат лигасында 3-орын иеленіп, колледж намысын лайықты қорғады.
Олардың жетістігі — табандылықтың, шешендік өнердің және аналитикалық ойлаудың нәтижесі.

 Құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілейміз!
Колледж ұжымы студенттерді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды. Оларға жаңа жетістіктер, шабыт және барлық идеялары мен бастамаларын сәтті жүзеге асыруды тілейміз! Біз олардың алдында әлі де талай жарқын белестер тұрғанына сенімдіміз.

Біздің студенттер — біздің мақтанышымыз әрі өңір болашағы!

                   Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

145 queries