- admin
- 04.03.2025
- No Comments
- News
2025 жылдың 3 наурызында Қостанай қаласындағы No14 орта мектебінде жалпы мектеп ата-аналар жиналысында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Амантаева Сәуле Қалиевна кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты мектеп бітірушілердің ата-аналарын колледж ұсынатын мамандықтармен, қабылдау талаптарымен және жұмысқа орналасу перспективаларымен таныстыру болды.
Ата-аналар Қостанай политехникалық жоғары колледжінде оқудың артықшылықтары, оның материалдық-техникалық базасы, білікті оқытушылар құрамы мен табысты түлектер туралы білді.
Түлектердің ата-аналары колледжге түсу шарттары, оқу мерзімі, шәкіртақы алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Кездесу барысында колледж оқытушысы ата-аналардың колледж түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен оқуын жалғастыру мүмкіндіктеріне қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.
№14 мектептің көптеген түлектері біздің колледжді таңдап, тату студенттер қауымының бір бөлігі болатынына сенімдіміз.
Ақпаратты дайындаған Амантаева С.Қ.