“Шекарашы-Отанның қалқаны”

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы колледж түлектерінің арасынан оқуға кандидаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Осыған байланысты 2022 жылғы 30 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері үшін “неге мен шекарашы офицер болғым келеді”тақырыбында кездесу өткізілді.

Шақырылған жастармен кездесу үшін Қостанай облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің десанттық шабуыл бөлімшесі тобының офицері аға лейтенант Аманулла Думан Елжанұлы шақырылды.

Кездесу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясына және Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметті насихаттау, қазақстандық шекарашының беделін, имиджін арттыру және имиджін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Балалар алдында сөз сөйлеген Думан Елжанұлы Шекара қызметі Академиясы “Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік қызметін басқару” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі, ҰҚК басқа да бөлімшелері мен органдары үшін офицерлер дайындап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, шекаралық бейіндегі жоғары оқу орындарына қабылдау және түсу ережелері, шекара органдарында қызмет өткеру перспективалары, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат жеткізді.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

Нұрқанов М. К.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries