“Өрт қауіпсіздігі”

2022 жылғы 26 желтоқсанда ЭС-21 тобының студенттері үшін Қостанай қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия өткізілді.

Өрт сөндіру бөліміне экскурсияның мақсаты – өрт сөндіруші мамандығына қызығушылық таныту және құрмет көрсету, өрттен сақтану  және алдын алу, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылды.

МӨБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс капитаны Асқаров Руслан Азаматұлы балаларға қарауыл үй-жайларын, кезекші-диспетчерлік қызметті, демалуға арналған үй-жайларды, жауынгерлік киім-кешектерді, өрт-құтқару жабдықтарын көрсетті.

Сондай-ақ, балаларға өрт сөндіру бөлімінің қарамағындағы өрт сөндіру машиналары, олармен не байланысты, қалай жұмыс істейтіні, немен жабдықталғаны көрсетілді.

Қостанай облысы ТЖМ мұражайының экскурсоводы Мағұлов Жамбыл Минапұлы азаматтық қорғаныс мұражайы туралы айтып, балаларға өрт сөндіруші өрт сөндіру элементімен күресу үшін қалай және немен қаруланғанын көрсетті.

Экскурсия соңында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі бойынша практикалық кеңестер берілді.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.

Фатхудинов Р. Р.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries