“Өмірде әрқашан ерлікке орын бар”

Әскери борышты саналы және абыроймен орындау үшін – сіз өз еліңізді, оның өткені мен бүгінін білуіңіз керек, армия туралы түсінікке ие болуыңыз керек, моральдық, психологиялық және физикалық тұрғыдан алдағы әскери қызметке дайын болуыңыз керек.

Осыған байланысты 2022 жылғы 13 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде өжеттілік сабағы өтті, оған Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарамсының келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімшесінің бастығы, 3-ші сынып сержанты Тұрмағамбетов Самат Мұханбетқалиұлы шақырылды.

Аталған іс-шараға М-10, ЭС-22, А-1, ЭС-21, Э-14 тобының 1 курс студенттері қатысты.

 Басында Самат Мұхамбетқалиұлы өзінің өмірбаяны туралы, қысқа мерзімді қызметтің қалай өткендігі, ол не үшін 3 дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған туралы айтып берді. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы, атап айтқанда, әскери қызметке шақырудың ерекшеліктері, әскери қызметшілердің жеңілдіктері мен еңбекақы төлеу шарттары, Қарулы Күштерге шақыруды ұйымдастыру, әскери және мемлекеттік құрылымдарға жұмысқа орналасу кезінде әскердегі қызметтің рөлі туралы айтып берді.

Қандай орта арнаулы және жоғары әскери оқу орындары бар және осы оқу орындарына қабылдау және түсу ережелері туралы айтты.

Студенттер өз кезегінде бірнеше қызықты сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды: әскери оқу орындарына түсу шарттары, келісімшарттық қызмет туралы, әскердің белгілі бір құрылымдарда қызмет өткеру мүмкіндігі туралы және бұл жағдайда әскерге шақырылушыға қандай талаптар қойылатынын айтып берді.

Бұл іс-шара жағымды форматта өтті және колледж оқушыларының қызығушылығын тудырды.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К

Фатхудинов Р. Р

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries