Ашық сабақ: “Дәстүрлі түрік нан өнімдері”

2022 жылғы 3 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінде технологиялық пәндер кафедрасының онкүндік қарсанында 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығында оқитын 4ХП-17 тобында, БҰАМ 02 «Нан-тоқаш өнімдерінің дәстүрлі емес түрлерін дайындау» модулі бойынша «Дәстүрлі түрік нан өнімдері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақ мақсаты: Дәстүрлі түрік нан өнімдері симит пен пидені технологиялық процесі бойынша пісіру мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: Симит пен пидені өз бетінше технологиялық процесі бойынша пісіру. Симит пен пиде өнімдерін салыстыру. Сабақ жоспарына сай рецептуралар арқылы симит пен пиде өнімдері дайындалды. Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру және орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жалпылау және жүйелеуде https://learningapps.org/createApp.php бағдарламасы арқылы тапсырмалар орындалды. Симит пен пиде өнімдерін салыстыру венн диаграммасы және қорытындыда органолептикалық көрсеткіштері арқылы анықталды. Сабақ соңына қарай ойтаразысы рефлексиясы арқылы студенттер сабақ барысында ұнаған тұстары, тақырып төңірегіндегі білгісі келетін, түсінбеген тұстары, ұсыныстарын айтып өтті. Сабақ өз мәресіне жетіп сабаққа белсене қатысқан студенттер бағаланып, үй тапсырмасы түсіндірілді.

Материалды дайындаған арнайы пәндер оқытушысы: Дәуіт А.М.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
144 queries