«Біз өзімізді кондитер мамандығында сынап көреміз» шеберлік сыныбы

2022 жылғы 4 қарашада Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Жас маман» жобасы және «Серіктестік алаңы» желілік өзара оқыту жобасы бойынша басқа білім беру ұйымдары студенттерінің академиялық ұтқырлығы қағидатын іске асыру шеңберінде «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша «Біз өзімізді кондитер мамандығында сынап көреміз» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. 01140800 «Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)» мамандығы бойынша Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері және өндірістік оқыту шебері Головченко В.П.  арнайы пәндер оқытушысы Балгужинова Ж.Е. ұйымдастырған шеберлік сыныпқа қатысты. Жұлдызай Ерденбекқызы  «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған жабдықтардың қысқаша сипаттамасымен және 122 “Кондитерлік іс” оқу зертханасымен таныстырды. Оқытушы нан өнімдері мен мусс пироженоеларын дайындау бойынша шеберлік сынып сабағын көрсетті. Шеберлік сыныбы аяқталғаннан кейін қатысушылар мен ӨО шеберлері өз пікірлерінде  іс-шараның  жоғары деңгейде өткізілгенін,  «Жас маман» жобасы шеңберінде сатып алынған заманауи жабдықтарды қолданудың сапасы мен тиімділігін  атап өтті.

Материалды дайындаған директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
157 queries