Центр диагностики и ремонта «ТехЭнерго» ЖШС-не экскурсия 

2022 жылдың 03 қазанында арнайы модульдерді зерделеу шеңберінде 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша), 1014000 «Машина жасау технологиясы» (түрлері бойынша) мамандықтарының 4 курс студенттері «Центр диагностики и ремонта «ТехЭнерго» ЖШС-не таныстыру экскурсиясымен барды. Кәсіпорын кез-келген қуатты электр қозғалтқыштарын диагностикалауды және күрделі жөндеуді, қуат трансформаторларын, дәнекерлеу трансформаторлары мен генераторларын, тереңдік сорғыларын және т.б. жөндеуді жүзеге асырады.

Экскурсия барысында токарлық және слесарлық цехтардың, отын сүзгілерін ауыстыру цехының, әртүрлі қуаттылықтағы асинхронды қозғалтқыштардың орамаларын орау цехының жұмысы зерттелді.

Танымдық экскурсия студенттердің осы кәсіпорында табысты мансап құру үшін қалай оқып, жұмыс істеу керектігі туралы сұрақтарына жауаптармен аяқталды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
138 queries