«Республика күні»

Ұлттық мерекеміз  – «Республика күнін» тойлауға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қазан күні «Атамекен» тақырыбы бойынша  бірыңғай колледжішілік патриоттық диктант өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру.

          Диктантқа колледждің 1-2 курсында оқитын  196 студент қатысты. Оның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған жеңімпаздар анықталды: 1 орынды «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы ПО-4 тобының студенті Айтенова Айдана, 2 орынды «Есеп және аудит» мамандығы Б-3 тобының студенті Сейден Аружан, 3 орынды Б-2 тобының студенті Илютаева Ботагоз  иеленді.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
144 queries