Қазақстан сахнасының аңызы

2022 жылдың 28 қазанда ” Рухани жаңғыру ” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1 курс студенттері арасында Қазақстан мен КСРО Халық әртісі , Халық Қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған “Қазақстан сахнасының аңызы” атты кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты-жоғары шеберлік пен үлгілі еңбек жолын, әншінің батырлығын насихаттау, патриоттық сезімді, Отанға, өнерге және музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер халық әншісінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді, Роза Бағланованың қатысуымен мұрағаттық фотосуреттер мен бейнелер көрсетілді.

Студенттер Роза Бағланованың бүкіл дәуірдің ұлттық символы екенін, Қазақстанның мәдениет және өнер тарихына үлкен үлес қосқан осындай даңқты есімдерді ұмытпауымыз керектігін атап өтті.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
138 queries