Ұлт ұлы ұстазы

20  қыркүйек күні  ЭС-21  тобында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлт ұлы ұстазы»  атты  ашық  кураторлық сағаты өтті.

Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, ағартушы, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Алаш партиясының мүшесі. 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның есте қаларлық күндер күнтізбесіне енді.

Кураторлық сағатының мақсаты – Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің бастауында тұрған сан қырлы тұлғаның рөлі мен маңызын көрсету және талқылау.

       Шара барысында А.Байтұрсынұлының өмір жолы туралы мәліметтер ұсынылды. Шығармашылық қызметін еңбек адамдарының арман-мұңын, мұң-мұқтажын бейнелейтін өлеңдер жазудан бастады. Ақын жұртшылықты кітап оқуға, білім алуға, рухани дамуға, имандылыққа, мәдениеттілікке шақырды. Қазақтың тұңғыш әліпбиі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихының бәрі де Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық еңбектерінің жемісі. А.Байтұрсынов тынымсыз,  еңбегімен қазақ әдебиетін биік деңгейге шығарды, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік негізін қалады.

     ЭС-21  топ кураторы А.К.Бексултанова   Ахмет  Байтұрсыновтың  өмірі  мен шығармашылығы  туралы  танымдық баяндама жасады.

    Шараға  студенттер  белсене  қатысып,  Қасқырбай Расул, Камиял Абай, Ахмет Байтұрсынұлының  өлеңдерін  оқыды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
156 queries