“Бүгінде өрт сөндіруші мамандығы – нағыз ерлік”.

Біздің колледжде 1 курс студенттері үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастыру дәстүрге айналды. Осыған байланысты 2022 жылы 22 құркүйекте  ПО-3, М-10 топтарының студенттері үшін Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.

Өрт сөндіру бекетін аралау студенттердің қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Жігіттер ең алдымен өрт сөндіру көліктеріне қызығушылық танытты. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бекеті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Асқаров Руслан Азаматұлы және өрт сөндіру бөлімінің кіші сержанты Әбішев Ілияс Қанатұлы балаларға депо байланыс нүктесін, жатақхананы, оқу кабинетін, ГДЗС постын, асхана бөлмесін, спорт залы мен оның жабдықтарын көрсетті. Олар өрт техникасы туралы айтып берді және балаларға көліктердің қалай және немен жабдықталғанын, көптеген өрт-техникалық қарулардың осы немесе басқа заттарының не үшін қызмет ететінін көрсетті.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар министрлігі мұражайының директоры Нұркина Гүлжанат Борсықбайқызы және осы мұражайдың гид-жүргізушісі Мағұмов Жамбул Минапұлы Азаматтық қорғаныс мұражайы туралы айтып, балаларға өрт сөндірушінің қалай және қандай қарумен қаруланғанын көрсетті.

Студенттер экскурсияға риза болды,  суретке түсті, өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді, олар балаларға өз кәсібінің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы ақпаратты қызықты әрі қолжетімді жеткізе алды.

Мақаланы дайындаған: Нұрқанов М. К.

 Фатхудинов Р.Р.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
143 queries