Қымбатты балалар! Құрметті ұстаздар!

Міне, WorldSkills Қостанай – 2022 кезекті өңірлік чемпионаты аяқталды. Онда Қостанай жоғары политехникалық колледжі 13 құзыреттілік бойынша 22 қатысушыдан тұратын командасын ұсынды. Жұмысшы мамандықтар сайысына болашақ наубайшылар мен кондитерлер, электрмонтаждаушылар мен астық сапасын бағалау жөніндегі зертханашылар, бағдарламашылар, графикалық дизайнерлер мен бухгалтерлер қатысты.

Сайыс тапсырмалары, әдеттегідей, өте күрделі болды және қатысушылардан колледжде алған нақты кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен бірге әрбір адамға өмірде қажет болатын әмбебаптық икемді қасиеттер мен құзыреттерді де меңгеруді талап етті. Мысалы, уақыт пен эмоцияны басқару дағдысы, әртүрлі адамдармен қарым-қатынас орнату және өз жұмысын ұсыну сияқты дағдылар.

Қымбатты балалар! Сендер бұл сынақтардан абыройлы өтіп, 7 алтын, 3 күміс, 1 қола және 1 медальонды жеңіп алдыңдар. Колледж сендерді қатты  мақтан тұтады!

Құрметті оқытушылар! Сіздер үшін WorldSkills чемпионаты – бұл сіздердің кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіздің дәлелі болып табылады. Қазіргі заманауи шынайы өмірде сұранысқа ие жаңа деңгейдегі кәсіби мамандарды даярлаудың өзекті міндетін атқара алатыныңызды тағы бір дәлелдедіңіз.

Қымбатты балалар! Құрметті ұстаздар! Сіздерді жоғары колледж әкімшілігі мен инженерлік-педагогикалық ұжымы атынан WorldSkills Kostanay – 2022 өңірлік чемпионатындағы осындай айтулы жеңісіңізбен құттықтаймын! Сіздер ұстаздардың да, болашақ мамандардың да жоғары кәсіби деңгейін көрсете отырып, колледжіміздің намысын тағы да лайықты қорғадыңыздар. Сіздерге, осымен тоқтап қалмай, кәсіби Олимпте шыңдалып, жаңа белестерге жетулеріңізді тілеймін!

Құрметпен, колледж директоры

 Каткенов Кусаин Амангельдинович

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
130 queries