“ТУҒАН ЖЕР”әскери патриоттық фестивалі

2022 жылдың 30-31 мамырында Қостанай ауданы, Бозбек ауылында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған “Туған жер” облыстық әскери патриоттық фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты: жастарды патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әскери қызметті, салауатты өмір салтын насихаттау, алғашқы әскери және технологиялық даярлыққа көмек көрсету.

Іс-шараға 8 команда, соның ішінде “Жас Сарбаз” ӘПК ТП-27, М-9, ЭС-17, Э-13, ХП-21, ПО-1, ТЗ-25 тобының студенттері қатысты.

Фестиваль екі байқау бағыты бойынша өткізілді: шығармашылық (әскери-патриоттық әндерді орындау) және спорттық (страйкбол, тактикалық жылдам ату, әскери-тактикалық ойын).

Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК құрама командасы 3 орын алып, кубокпен, дипломдармен марапатталды.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries