Студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының жеңімпаздары

Қостанай жоғары политехникалық колледжі студенттерінің командасы республиканың жоғары оқу орындары мен колледждері арасындағы студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының жүлдегері атанды.
“Kazakhstan Еarly Stage” республикалық стартап-жобалар байқауын “Enactus Kazakhstan”ЖҚ ұйымдастырды.
Бұл байқау БҰҰ-ның №6 ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған: 2030 жылға қарай қауіпсіз ауыз су мен санитарияға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Байқау үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде пікірлестер командасы ең ірі тәжірибеге бағытталған Enactus платформасында көшбасшылық және кәсіпкерлік бойынша оқытудан өтті.
Екінші кезеңде сәуір айында олар өз жобалары туралы бейнеролик дайындап, оны YouTube-ке орналастырды .
Үшінші кезеңде 12-13 мамырда Нұр-сұлтан қаласында ҚПЖК студенттік командасы құрамында Бейсенов Эздар, Кабжанов Мадияр, Кашапова Екатерина, Фельдман Александра Ж .Д. Контробаеваның басшылығымен “Eco Forest” экологиялық бағыттағы жобасын таныстырды.
Satbayev University, Алматы қаласы, Zhansugurov College, Талдықорған қаласы , Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі, Нұр-сұлтан қаласы, Қазақстан-Британ техникалық университеті сияқты 20 ЖОО және екі колледж бизнес-командалары арасында студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогында, Алматы қаласы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, А. Байтұрсынов атындағы ҚАУ, Астана Медицина Университеті, М.Х. Дулати атындағы ТАУ, Тараз қаласы, Торайғыров университеті, Павлодар қаласы, Шәкәрім атындағы Университет, Семей қаласы, КИМЭП Университеті, Алматы қаласы, Тұран университеті, Алматы қаласы – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы Еarly Stage лигасында 1 орын алды.
Бұл жеңіс студенттерге жылдың басты оқиғасы – 2022 жылдың күзінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022 Студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық Кубогына қатысуға мүмкіндік береді.
Колледж студенттері алғаш рет Enactus KAZAKHSTAN стартаптар мен инновациялар байқауына қатысты, балалар үлкен тәжірибе мен жағымды эмоциялар алды.
Дюсекеева Л. К, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries