Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес колледжді институционалдық аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын бағдарламалық аккредиттеу

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 16-20 мамыр аралығында колледжді институционалдық аккредиттеу және келесі білім беру бағдарламаларын бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өткізіледі:

1) 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)* (4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы);

2) 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

(5AB06120101 Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры);

3) 07880100 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) (4S07880101 Стандарттау жөніндегі техник);

4) 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) (3W07130701, Электр жабдықтарын монтаждаушы, 4 S07130704

Техник-электромеханик);

5) 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) (4S07130202 Техник-электрик);

6) 04110100 Есеп және аудит (3W04110101 Бухгалтер-кассир, 4S04110102 Бухгалтер);

7) 07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі (3W07210303

Наубайшы, 4S07210305 Техник-технолог);

8) 07211200 Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі (3W07211201 Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісінің аппаратшысы, 4S07211202 Техник -механик, 4S07211203 Техник-технолог).  

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) сыртқы сараптама тобы сыртқы аудит барысында аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің белгіленген академиялық/кәсіптік аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану рәсімін және сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін қолдауды жүргізеді.

 

 

Материалды дайындаған Кайпбаева Ж.Ш., директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
147 queries