Оқу үшін қайда бару керек?

Мамандық таңдау – бұл сіздің өмірлік жолыңызды таңдау, өз қабілетіңізді жүзеге асыру және шығармашылық тұлға ретінде орын алу мүмкіндігі.

05.04.2022 Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Искаков Қ.Е., Суюндукова Б.К., Маканова Г.И., Ережепова А.К. Қостанай ауданындағы Надеждинка ауылы, Александровка ауылы, Павлов атындағы ауылы, Алтын -дала  және де Жамбыл ауылының  мектептерінде 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды.

Кездесу барысында ұстаздар мектеп оқушыларына колледжге түсу ережесін түсіндіріп, оқу орнының мамандықтары туралы, студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, студенттердің назарын колледжде алатын мамандықтарға деген сұранысқа аударды.

Ақпаратты дайындаған : арнайы пәндер оқытушылары  – Маканова Г.И., Ережепова А.К.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries