“МҰНЫ БӘРІ БІЛУІ КЕРЕК!»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау аясында 2022 жылдың 20 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде, бірінші курс студенттері ХП-22, СТ-5, ПО-2, М-9, ХП-21, ЭС-19, ЭС-20, Б-1, ПО-1, Э-13  топтары арасында азаматтық қорғаныс бойынша жарыстар өткізілді.

Жарыс шарты бойынша команда құрамы 4 адамнан тұрды. Білім алушылар АҚ бойынша викторина сұрақтарына жауап берді, АҚ сигналдары бойынша нормативтерді орындады, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын (ТОЖҚҚ), теріні қорғау құралдарын (ТҚҚ) киді.

Жарыс қорытындысы бойынша

1-орынды  ЭС-20 тобының командасы алды,

2-орынды  Э-13 тобының командасы иеленді,

3-орынды  ХП-21 тобының командасы алды.

Күтпеген жерден келген апаттан сақ болу үшін бүгінде әр студент АҚ сигналдары бойынша тез және сенімді әрекет етуі керек. Өзін қорғай білу және зардап шеккендерге көмек көрсете білуі керек.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р  

Нұрқанов М. К



Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries