Наурыз мерекесіне арналған “Мейірімділік әлемін жаса” акциясы.

   Наурыз мейрамы-бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы, бұл адамдар мен халықтарды жақындастыратын, барлығын ортақ мақсаттар мен идеялар үшін біріктіретін мереке. Айта кету керек, Қазақстанда бұл мерекені атап өтудің жақсы дәстүрлері қалыптасқан: мерекелік дастархан жабылады, халықтық серуендер, концерттер ұйымдастырылады, адамдар қонаққа барады. Сондай-ақ, бұл күндері игі істер жасау, мұқтаж адамдарға көмектесу әдетке айналған. ҚЖПК студенттік парламентінің көшбасшылары Наурыз мерекесі қарсаңында “ Мейірімділік әлемін жаса ” акциясын ұйымдастырды. Акция аясында студенттер жалғыз тұратын адамдарға көмек көрсетті, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін, ардагер-педагогтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Үлкен жастағы адамдар студенттерге бата, ізгі тілектер айтты.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries