АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

20-ғасырдың басындағы қазақ демократиялық қозғалысының көсемі, оқу-ағарту ісінің халық комиссары, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды.

Ағарту, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы ірі реформатор А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойынына арналған кешендік шаралар бастау алды.  Соның  бірі  «Қостанай облысы білім басқармасы», «Қостанай қаласы білім бөлімі» бірлесуімен «Жастар сарайы» концерт залында  Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық  мерейтойының салтанатты ашылуы өткізілді. Осы салтанатты жиынға, көрермен ретінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің  ПО-1 тобы қатысты.

Іс- шарада белгілі өнер иелері және көркемөнерпаздар ұжымы өнер көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлы өмірінен үзінділер де көрсетілді, шығармалары да оқылды.  Жалпы іс -шара  өте мазмұнды және қызықты болды.  Ақпаратты дайындаған : Ережепова А.К. -арнайы пәндер оқытушысы, ПО-1 тобының кураторы

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries