Мамандық тандаудағы ақпараттық кеңес берілді

Өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелей отырып, біз оны жасампаз еңбекке дайындауымыз керек. Ертең еңбек жастарға қуаныш пен қанағат әкелуі және басқалардың игілігі үшін пайдалы болуы  үшін бүгінгі оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу қажет.

Жас жігітке, кешегі оқушыға дұрыс таңдау жасау өте қиын екені түсінікті. Олар тек мамандықтар туралы толықтай қалыптаспаған түсініктерге ие. Сонымен қатар өздерінің ішкі дүниелерін естуді, көруді және білуді әлі толықтай меңгермеген. Мектеп түлектерінің мамандықтар жайлы  барынша толық түсініктері қалыптасуы үшін  2022 жылғы 22 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Ережепова А.К., Балгужинова Ж.Е. –  “Болашақ мамандықты іздеу” тақырыбында Қостанай қаласының № 115 орта мектебінің түлектерімен  кездесу өткізіді.

Кездесу ұйымдастырушылары мектеп түлектерін колледж қабырғасында оқытылатын мамандықтармен және білім беру бағдарламалар түрлерімен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар колледж мәртебесіне, оқытушылар құрамының деңгейіне және студенттер үшін әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен қызығушылық таныта отырып, қызықтырған сауалдарына жауаптар алды.

Ақпаратты дайындаған : Балгужинова Ж.Е.- технологиялық бөлімінің меңгерушісі, Ережепова А.К. -арнайы пәндер оқытушысы

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries