«Баян Сұлу» АҚ-на өндірістік экскурсия

23 ақпанда Республиканың ең ірі кондитерлік фабрикасы – ең дәмді кәсіпорын «Баян Сұлу» АҚ-на бітіруші топтардың экскурсиясы өтті.

Болашақ түлектерді ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженер Испатыров Серик Абдулович қарсы алды. Ол кіріспе әңгіме және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді, кондитерлік фабриканың барлық қонақтарымен сақталатын стандарттар туралы айтты: әр студентке қорғаныш халат пен қалпақ берілді.

Содан кейін экскурсияны кадр бөлімінің бастығы Альмухамедова Арай Кайыркановна, өндірістік бөлімнің бастығы Шаповалова Наталья Николаевна жалғастырды, олар балаларды өндірістік цехтарға өткізіп, кондитерлік өнімдердің қалай өндірілетіні туралы айтып берді.

Студенттер негізгі өндіріс цехтарында орнатылған жетекші шетелдік өндірушілердің жоғары технологиялық жабдық желілерінің жұмысына куә болды.

Сонымен қатар, балалардың жұмысқа орналасу ұдерсі бойынша барлық сұрақтарына жауап беріп, фабрикадағы бос жұмыс орындарына орналасу ұсынылды.

Бұл экскурсия жоғары сапалы кондитерлік өнімдерді дайындаудың технологиялық үдерісінің ерекшеліктерімен танысуға, жаңа білім алуға, жаңа тәжірибемен байытуға және, фабрикаға дипломы бар маман ретінде оралуға тамаша мүмкіндік болды.

Тәжірибе меңгерушісі Ю.В. Матвиенко

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
121 queries