Қазіргі кәсіптер әлемі

Қазіргі кәсіптер әлемі кең, алуан түрлі, сонымен қатар жылдан жылға кеңейіп, өзгеріп отырады. Осыған байланысты қоғамға дұрыс, объективті, негізделген және қеректі мамандықты таңдау қажеттілігі туындады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, 2022 жылдың 11 ақпанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары – Александр Михайлович Соколенко және Юлия Владимировна Матвиенко Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мичурин орта мектебі» ММ 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында оқушылар колледж мамандықтары, оқуға түсу шарттары, студенттік активтің қызықты және мазмұнды өмірі, жұмысқа орналасу және қосымша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
144 queries