Қайтадан еріктілер алдыңғы қатарда

      Көктем келе жатыр, онымен бірге су тасқыны да келеді. Қостанай облысы қазірден бастап дайындықты бастап кетті.

      Қардың қалың еруімен елді мекендердің кейбір бөліктеріне, ең алдымен, ойпатта орналасқан жеке сектордың үйлеріне су басу қаупі төніп тұр.

Қардың қалың еріген кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау, материалдық шығын мен бүлінуді болдырмау, су тасқыны кезіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 19 ақпан күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің қамқор еріктілері Тусенов Санат, Зарипов Сулейман, Вискуп Артем, Восиев Довуд, Ивашешин Владислав Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен «Дружба» ауылының аумағында рейд жүргізді.     Төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерімен колледж еріктілері тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға су деңгейі күрт көтерілген кездегі іс-әрекеттерін түсіндіріп, тиісті парақшалар мен жадынамалар таратты.Людмила ДЮСЕКЕЕВА, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries