Үздік волонтер -2021

20 қараша мен 13 желтоқсан аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің “Мейірімді жүрек” еріктілер жасағы Қостанай облысының Фронт-офисінің ұйымдастырған” Үздік волонтер-2021 “облыстық байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты үздік волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарды, сондай-ақ 2020 жылы атқарған ерікті қызметі үшін ең белсенді волонтерлерді іріктеу және марапаттау болды.

Байқау ережесіне сәйкес қатысу үшін өтінімді толтырып, портфолио (сертификаттар мен дипломдар, фотоматериалдар, атқарылған волонтерлік жұмыс туралы жазбалар, бейнематериалдар, БАҚ-та сөз сөйлеу) қосу қажет болды. Портфолио ұсыну нысаны еркін болды.

Байқау қорытындысы бойынша “этно-мәдени бағыт бойынша Жылдың үздік еріктісі” номинациясында ТЗ-22 тобының студенті Восиев Довуд жеңіске жетті, сондай-ақ 50 мың теңге сертификатпен марапатталды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries