«Ыбырай оқулары» конкурсы

29.11.2021 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында “Ыбырай оқулары” байқауы өткізілді. Байқау колледждің бірінші курс студенттері арасында өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты  колледж  студенттері  арасында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқуды насихаттау, студенттердің ой-өрісін кеңейту, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету,  дарынды студенттерді  анықтау және қолдау, оларға өз дарындарын көрсетуге мүмкіндік беру.

Студенттер Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқу бойынша білімдерін көрсетті, жазушының шығармашылығына қызығушылық танытты. Әділқазылар шешімімен ерекшеленген студенттер алғыс хаттар және  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Жүйріктен жүйрік өзара жарысқанда» номинациялармен, сертификаттармен марапатталды.

Ақпаратты дайындағандар:

Дюсекеева Л.К.,

Бексултанова А.К.,

Бейсенова Х.Б.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
139 queries