ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қостанай облысының ТжКББ білім алушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс.

22-24 қараша аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қостанай облысының білім алушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті.

Қыздар командалары арасында командалық есепте Қостанай жоғары политехникалық колледжі 34 ұпай жинап, 2 орынға ие болды. Қыздар арасындағы жеке біріншілікте бірінші тақтада ХП-21 тобының студенті Қызылбай Нұрай 2 орын алды. Екінші тақтада 2 орынды ХП-19 тобының студенті Масленникова Наталья иеленді.

Ұлдар командалары арасында командалық есепте Қостанай жоғары политехникалық колледжі 34 ұпай жинап, 2 орынға ие болды. Жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте бірінші тақтада 2 орынды БТП-2 тобының студенті Тыныштықбаев Нұрқожа иеленді. Екінші тақтада 1 орынды ТП-23 тобының студенті Толемис Мухаммед-Али иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Ақпаратты дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М. М. Жоломанов дайындады.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries