ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қостанай облысының ТжКББ білім алушылары арасында шахматтан жарыс.

15-17 қараша аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қостанай облысының ТжКББ білім алушылары арасында шахматтан онлайн жарыс өтті.

Әйелдер командалары арасында командалық есепте Қостанай жоғары политехникалық колледжі 31,5 ұпай жинап, 3 орынға ие болды. Колледждің намысын ХП-19 тобының студенті Хабибулина Дарья және ТП-27 тобының студенті Силади София қорғады.

Ұлдар командалары арасындағы командалық есепте Қостанай жоғары политехникалық колледжі 32 ұпай жинап, 3 орынға ие болды. Колледж намысын ТП-25 тобының студенті Хасенов Сарсен және ТП-27 тобының студенті Бейсенов Эздар қорғады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Ақпаратты дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М. М. Жоломанов дайындады.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
130 queries