Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті “Уақыт бізді таңдады” атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы эссе байқауының жеңімпазы атанды

Колледж білім алушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында ҚЖПК студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта облыстық эссе байқауына қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті болды

9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні байқаудың қорытындысы шығарылды. “Уақыт бізді таңдады” облыстық эссе байқауының нәтижесі бойынша Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 3 курс студенті Есламхан Махамбет 1 орынға ие болды.

Махамбет өзінің азаматтық ұстанымын таныта отырып, өз шығармасында былай деп жазады: “Өзіңді жаман қылықтан сақтау, парасатты болу – міне, сыбайлас жемқорлықты жеңуге деген ұзақ жол басталатын қадам. Парасаттылық сөзі нені білдіреді? Менің түсінігімде парасаттылық-бұл басқа адамдарға көмектесу, өтеусіз, пайдакүнемдік мақсатсыз жақсылық жасау, өзіне тиесілі затты алмау, пара алмау және бермеу, адамдарды алдамау. Оқудағы, жұмыстағы парасаттылық-бұл өз жұмысын адал, кәсіби түрде орындау, сізге өтініш жасаған адамдарға адами тұрғыдан қарау. Парасатты адам-бұл өзіне сенімді, адал еңбек ететін және өзіне, өз ісіне адал азамат құрметті азамат болып табылады. Парасатты адамдар әрқашан өз іс-әрекеттері туралы ойлайды, бәріне жауапкершілікпен қарайды және ешқашан әділетсіздікке жол бермейді”

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries