Міржақып Дулатов адалдық, тәрбие және теңдік туралы не жазды?

04.10.2021 парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1-4 курс студенттері арасында кезекті онлайн парасаттылық сабағы өткізілді

“Парасаттылық сағаты” қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы,”Алаш” партиясының мүшесі Міржақып Дулатовқа арналған.

«Ар-ождан мен абырой жоқ жерде адамзат өмір сүре ала ма. Мұндай қасиеттерге ие болу үшін адам еркін және білімді болуы керек», – деп Міржақып Дулатов осыдан 100 жыл бұрын ой толғаған.

Оның “Оян, қазақ” атты өлеңдер жинағы мен “Бақытсыз Жамал” романы халық жадында көрнекті әдеби шығармалар мен халық даналығы мен ізгілігінің үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Жыл сайын Қазақстан Жазушылар Одағынан Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлық беріледі. Оның еңбектері парасаттылықтың үлгісі және жас ұрпақ үшін адами құндылықтардың эталоны болып табылады. Бүгінде бірқатар өңірлердің облыс орталықтарының басты көшелерінің бірі оның есімімен аталады.

    Міржақып Дулатовтың өмір тарихы шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді. Бұл мықты және көрнекті тұлғаның өмір тарихы мен шығармашылық жолы туралы онлайн “Парасаттылық сағаты” барысында айтылды. “Парасаттылық сағатының” басты мақсаты – ұлы ойшылдардың еңбектері арқылы өскелең ұрпаққа әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Час добропорядочности:

https://www.youtube.com/watch?v=liKL5U_VtIo

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
133 queries