“Жас әскер”әскери-патриоттық клубтар слеті

2021 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында онлайн форматта “Жас әскер”әскери-патриоттық клубтарының облыстық слеті өтті.

Бұл слеттің мақсаты жастар талап ететін цифрлық технологиялармен байланысты әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

          Слетке 19 әскери-патриоттық клуб, оның ішінде Қостанай      политехникалық жоғары колледжінің “Жас Сарбаз” әскери-патриоттық клубының студенттері қатысты.

          Команда құрамына 9 жасөспірім кірді: олар М-9, ХП-19, ЭС-17, ТП-27, ЭМ-7 топтарының студенттері.

         Слет бағдарламасына мына іс- шаралар кірді: 1-інші күн (командалардың презентациясы, белтемірге тартылу бойынша жарыс), 2- інші күн (Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, газтұмылдырықты және плащ түріндегі жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию), 3- інші күн “Жас әскер дауысы”шығармашылық конкурсы.

Слет қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК командасы 8-інші орынға ие болды.

Мақаланы дайындаған: Фатхудинов Р. Р

Нұрқанов М. К

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
133 queries