Үздіксіз табыс – Қостанай жоғары политехникалық колледжі ұжымының жүйелі жұмысының нәтижесі

Қостанай жоғары политехникалық колледжі 2020 жылғы «Talap» КЕАҚ рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымдарының біріне айналды және еліміздің 131 колледждерінің арасында төртінші орынға ие болды. Колледж қызметін бағалау бес индикатор-бағыт бойынша орындалды: қызмет сапасы, кәсіби кадрлар, бизнес қауымдастықпен өзара әрекет ету, WorldSkills жобасына және басқа да инновациялық жобаларға қатысу, студенттер контингенті.

        Колледждердің рейтингін өткізу үшін ең үздік тәжірибелерді анықтауға, кәсіптік-техникалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетігін қалыптастыруға, білім беру процесіне қатысушылардың, жұмыс берушілер мен қоғамның сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін тәуелсіз бағалауға, колледж қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

        Қостанай жоғары политехникалық колледжінің табысы ғылым мен техниканы дамытудың әлемдік трендтерін ескере отырып, озық халықаралық тәжірибе негізінде білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізу арқылы білім беруді ұйымдастырудың заманауи моделі ретінде қалыптасуда.

        Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ұжымы жүйелі негізде нәтижелі инновациялық қызметті ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмысты орындады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің жетістіктерін облыстық және республикалық деңгейде үздіксіз мойындау оның дәлелі болып табылады. Жоғары білікті кадрларды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін стратегиялық жоспарлау колледждің білім беру процесін жетілдіруді және жоғары білікті кадрларды даярлаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж. Ш. Қайпбаева дайындады

[gview file=”https://kpvk.edu.kz/wp-content/uploads/2021/08/2021-08-04-Rejting.pptx”]
Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries