ҚЖПК – 2021сыйлықақысы

         16 маусымда колледжде үздік студенттерді ҚЖПК-2021 сыйлықақысымен марапаттау рәсімі өтті.

         Қостанай жоғары политехникалық колледжінің сыйлығы – бұл жыл қорытындысын шығару, спорт, қоғамдық қызмет, ғылым және шығармашылық саласында жетістікке жеткен студенттерді құрметтеу.  2020 – 2021 оқу жылы бойы колледж студенттері түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысты.

Колледж іс-шарасының салтанатты рәсімін ашу құқығы колледж директоры К.А. Каткеновке берілді. Кусаин Амангелдинович колледж студенттері мен оқытушыларына жақсы және жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

          «Колледждің дамуы мен беделіне қосқан үлесі үшін» және WorldSkills Kostanaу-2021 өңірлік чемпионатындағы жеңісі үшін бағалы сыйлықтармен Крошко Андрей, ТП-24 тобының студенті, Мукашев Тамирлан, ТП-21 тобының студенті, Кан Дмитрий, ТП-24 тобының студенті, Жагсалаг Кундыз, ХП-14 тобының студенті, Абишева Аружан, ХП-18 тобының студенті, Хорошунов Руслан, Э-11 тобының студенті, Мартыненко Ульяна, ТЗ-22 тобының студенті, Аткина Елизавета, ТЗ-22 тобының студенті, Ковин Андрей, ТП-24 тобының студенті, Есламхан Махамбет, ТП-23 тобының студенті марапатталды.

«Ғылыми қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында ТП-24 тобының студенті Кан Дмитрий, ТЗ-26 тобының студенті Булдакова Дарья, ТЗ-26 тобының студенті Чечушкова Юлия, ТП-27 тобының студенті Алексеев Артем, ТП-27 тобының студенті Досова Айжан марапатталды.

«Спорттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында келесі студенттер грамоталармен марапатталды: Бейсенов Эздар, ТП-27 тобының студенті, Лавриченко Виталий, ТП-27 тобының студенті, Абилова Томирис, ТП-27 тобының студенті, Кульбаев Амир, ЭМ-6 тобының студенті.

  Белсенді жұмысы үшін «Мейірімді жүрек» волонтерлік жасағы, «Мирас» хореографиялық ұжымы, «Поющие сердца» вокалдық үйірмесі, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы алғыс хаттармен марапатталды.

«Үздік студенттік топ-2021» байқауының қорытындысы бойынша келесі топтар марапатталды: 3 курс арасында – ТП-21 тобы, кураторы Е.Н. Тулегенов, 2 курс арасында – ТП-24 тобы, кураторы Д.Б. Кусаинова, 1 курс арасында – ТП-27 тобы, кураторы Л.Ф. Шакирова, ЭМ-6 тобы, кураторы Н.Л.  Бондарева.

           Колледж ЖІК барлық студенттерге зор денсаулық, жазғы ұмытылмайтын естеліктер, жаңа жетістіктер тілейді!

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
135 queries