Бос орындар жәрмеңкесі 2021

2021 жылдың 2 маусымында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, онда бітіруші курс студенттері әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті: “СарыарқаАвтоПром” ЖШС, “АгромашХолдингKZ” АҚ, “Қостанай ұн комбинаты” АҚ, “ЭПК-forfait” ЖШС, “Межрегионэнерготранзит” ЖШС, “Profi Soft” ЖШС, “ГК Эксперт” ЖШС, “ВТБ банкі” АҚ ЕҰ, “Қостанай агромеханикалық зауыты” ЖШС.

Бос орындар жәрмеңкесі аясында кадрлық қызмет өкілдерімен іскерлік әңгімелесу өтті, онда қызметкерлерге қойылатын талаптар мен еңбек жағдайлары айтылды, сондай-ақ іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жұмыс берушілер әр түрлі салаларда және жұмыс іздеушілердің барлық санаттарына бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ басшысы Костенюк Надежда Владимировна балаларға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді.

Ниет білдірушілер бос лауазымдарға кандидатураны одан әрі қарау үшін түйіндемені қалдыру мүмкіндігіне ие болды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
130 queries