«Аңыз адам: Светлана Григорьевна Мачневаның мерейтойы»

2021 жылдың 28 маусымында Еңбек ардагері, КСРО ағарту ісінің үздігі, ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрметті мүшесі Светлана Григорьевна Мачнева өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Қостанай облысы мен еліміздің білім беру саласын дамытудағы зор еңбегі үшін Светлана Григорьевна «Еңбек Қызыл Ту орденімен», «Құрмет белгісі» орденімен, Ы. Алтынсарин медалімен, «Еңбек ерлігі үшін» медалімен медалімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Светлана Григорьевна өзінің еңбек жолын 1962 жылы 1 қыркүйекте Қостанай қаласының № 5 жұмысшы жастар мектебінде педагогикалық практикада математика пәнінің мұғалімі болып бастады, институтты бітіргеннен кейін Урицкий (Сарыкөл) ауданының Тағыл мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жолданды. Өзінің еңбек жолында – 57 жыл математика мұғалімінен бастап Қостанай облысының білім басқармасының бастығына дейінгі көтерілудің барлық сатыларынан өткен. Светлана Григорьевнаның көпжылдық педагогикалық қызметі білім беру жүйесін жетілдіруге, білім алушылардың білім сапасын арттыруға, Қостанай мен Қостанай облысының 20 ғасырдың екінші жартысы мен 21 ғасырдың басына білім беруді қалыптастыруға бағытталған.

Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Светлана Григорьевна Мачневаның мерейтойына арналған салтанатты құттықтау өтті. Мерейтой иесіне құрмет көрсету бағдарламасын Қостанай политехникалық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп ұйымдастырды.

Шақырылған директорлар, қала және облыс педагогтары мерейтой иесіне өз сезімдерін жылы сөздермен, құрметпен білдірді.

Атаулы күнді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Зауре Әнуарбекқызы Байменова, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Васильевна Слесарь, Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Ғалия Өлмесханқызы Уразамбетова, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры Асқар Кәрімбайұлы Жаркенов, оның бас мұғалімі Тағыл мектебінің директоры Василий Амелянович Шалабаевтың  ұлы Абай Васильевич Шалабаев құттықтады , Светлана Григорьевнаның шәкірттері атынан Болат Мурсалин және Қаппас Бекмағамбетов, Светлана Григорьевнаның әріптестері және құрметті педагогтар, патриоттар және педагогикалық еңбек ардагерлері Амангелді Оспанұлы Каткенов, Рысбике Қасымқызы Сүймекова, Каппас Бекмағамбетов, Айтпай Садуақасұлы Дощанов, Казихан Жолмағамбетұлы Рсалин Нина Викторовна, Колесникова, Солдат Малбакұлы Дутпаев, Раушан Әбдуғалиқызы Байсарина, Зинегүл Қайырбекқызы Нұрмұхамбетова, Үмітхан Куанышбайқызы Шилтиева, Сәуле Елеусізқзы Каримова және тағы басқалары сөз сөйледі.

Светлана Григорьевнаның атына көптеген жылы сөздер, құттықтаулар айтылып, музыкалық нөмірлер көрсетілді. Салтанатты кездесудің соңында Светлана Мачнева барлық қатысушыларға оның 80 жылдығына арналған   іс-шараға қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Светлана Григорьевна – тамаша педагог өміріне өз желісімен сендіретін жаңа әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан мұраттарына адал, нағыз патриот. Ол-белсенді басшы-ұйымдастырушы, практик-ғалым, нағыз азамат және жас әріптестерінің шығармашылық тәлімгері.

 

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
155 queries