«Жеңіс жүздері» акциясы

Ұлы Отан соғысы – бұл біздің еліміздің ғана емес, бүкіл адамзаттың тарихындағы ең жойқын және қанды соғыс. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін алдын-ала айқындады және әлемдік нацизмді жеңді. Осы Ұлы Жеңіс үшін біздің ата-бабаларымыз керемет батылдық пен ерлік көрсетіп, үлкен баға төледі. Біздің ондаған мың жерлестеріміз майданда фашизммен шайқасты, тыл еңбеккерлері соғыстың ауыр күндерінің ауыртпалығын өз мойнында алып жүрді.

       Біз жеңіске үлес қосқандардың барлығын есте сақтағымыз келеді. Әр отбасы майданда соғысқан немесе тылда жұмыс істеген туыстары мен достарының естеліктерін сақтайды. Олардың жүздері мен есімдері бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігінде болуы қажет.

       2021 жылдың 20.04 – 07.05. аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеті «Жеңіс жүздері» патриоттық онлайн акциясын ұйымдастырды.

       Акция Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің тарихи естелігін сақтауға, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен азаматтардың көрнекті жеке мысалдары негізінде патриоттық тәрбиені қамтамасыз ету үшін ресурстық базаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған.

       Студенттер 1941-1945 жылдары тылда еңбек еткен Ұлы Отан соғысының батырлары, жерлестері мен туған-туыстары туралы бейнероликтер дайындады.

       Instagram әлеуметтік желісіндегі @kpvk_official парақшасында, бірыңғай хэштегімен 30-дан астам колледж жұмыстары жарияланды: #лицапобеды#спасибодедузапобеду#кпвк

 

Ақпаратты ЖІК инспекторы Д. С. Мурзагалиева дайындады.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries