«Төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында интерактивті сабақ

2021 жылдың 17 мамырында “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” ММ Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері үшін ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Н.С.Найзатаев және МӨББ бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Р. С.Түлкібаев “ZOOM”платформасында онлайн – форматта интерактивті сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты студенттерге қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған кездегі тәртіп ережелері туралы түсіндіру болды.

Интерактивті сабақ барысында азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Н. С. Найзатаев және МӨҚБ бас маманы азаматтық қорғаныс майоры Р.С.Түлкібаев “Табиғатта демалу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері” және “Жазғы каникул кезінде су қоймаларындағы тәртіп ережелері”сияқты сұрақтарды қамтыды.

Қазіргі қоғам жағдайында қауіпсіздік мәселесі, қауіп-қатер мен төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртіптері маңызды болып тұр. Сондықтан өзіңіз үшін де, басқалар үшін де олардың негіздерін білген жөн.

Мақаланыдайындаған: Фатхудинов Р. Р

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
150 queries