Игі істер алаңы

Өзіңізбен және айналаңыздағы әлеммен үйлесімді болу, мейірімді болу және айналаңыздағы барлық адамдарға жақсылық беру — бұл адамның үлкен бақыты. Жер бетіндегі барлық өмір мейірімділікте сақталатынын есте ұстаған жөн.

18.05.2021 жылы колледжде 1 курс студенттерімен “игі істер алаңы”жаттығуы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу болды.

Жаттығу барысында студенттер бір ай бойы жасаған игі істерін атап өтті: олар қарт адамдарға, ардагерлерге, достарына, туыстарына, мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсетті, қала аумағын абаттандыруға көмектесті, “жанұя”отбасы үлгісіндегі балалар үйіне бару бойынша қайырымдылық акцияларына қатысты.

Жаттығу соңында студенттер “жақсылық гүлін” жасап, онда біздің студенттердің игі істері атап өтілді

Ақпаратты колледждің педагог-психологтары Ш. Ш. Кожевина, А. Б. Темирбек дайындады.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
150 queries